Алматыдағы аттракциондардың бірінде кішкентай қыз ауыр жарақаттар алды

Алматы тұрғыны әлеуметтік желіде кішкентай қызы аттракциондардың бірінде ауыр жарақаттар алғанын мәлімдеді. Оның сөзінше, бұл жайтқа қарамастан, ешкім жауапкершілікке тартылмаған, деп хабарлайды Arbat.Media.

Мадина Аскенова есімді Facebook қолданушысы желідегі парақшасында кәмелетке толмаған қызының басынан өткен жайтты баяндады. Әйелдің айтуынща, Алматыдағы аттракциондардың бірінде қызы ауыр жарақаттар алған. Салдарынан оған бірнеше ота жасалған, дейді ол.

Оның баяндауынша, оқиға 5 маусымда болған, бірақ баласының емі мен күтімі деп жүріп, ол енді ғана бұл жайтты сөз етіп отырған көрінеді.

"Алматы парктерінің бірінде "Вальс" аттракционында менің кәмелетке толмаған қызы бас-мидың жабық жарақатын алған. Салдарынан оған екі мәрте ота жасалып, ұзақ уақыт оңалтудан өтіп жатыр. Қатты ауырсынып, тыртықтардан қиналып жүр, психологиялық тұрғыда зардап шекті. Бұл парк әкімшілігінің кесірінен болып отыр. Дұрыс жұмыс істемейтін аттракционды пайдаланған. Менде барлық бейне дәлел бар, олар қауіпсіздік техникасы сақталмайтынын және қызметкерлердің салғырттығына дәлел бола алады", - деп мәлімдеді әйел.

Алматы Бала ауыр жарақат алды

Тақырыпқа жаңалықтар