Алматыдағы балалар үйінің тәрбиеленушілері құқығы тапталып жатқанын айтып, шу шығарды

Бүгін Алматы облысындағы Бағанашыл ықшам ауданында орналасқан №1 балалар үйінің тәрбиеленушілері Қонаевқа көшкілері келмейтінін ашық білдірді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бүгін таңертең балалар үйіне арнайы автобустар келді. Олар балаларды Қонаев қаласына алып кетуі керек болған. Бірақ балалар үйінің тәрбиеленушілері наразылық білдірді. Балалар арасында бір қыз есінен танып қалды, екінші бала қолын жарақаттап алды. Оқиға орнына полиция мен жедел жәрдем қызметкерлері келді.

Қазір № 1 балалар үйінің директоры Роза Бекишева Алматы облысы әкімінің орынбасары және білім басқармасының өкілдерімен әңгімелесуде.

Балалардың Қонаевқа көшуіне қарсы тарап Қонаевтағы ғимарат кімнің балансында екенін білгісі келеді. Әрі олар Бағанашылдағы ғимараттың апатты екенін дәлелдейтін қорытынды құжатты және құрылысты салушы мен Алматы облысы әкімдігі арасындағы келісім құжаттарын көрсетуді талап етіп отыр.

 

Балалар үйі Алматы Бағанашыл Қонаев

Тақырыпқа жаңалықтар