Ақмола облысында 10 жастағы бала асылып қалған
Ақмола облысының Ерейментау қаласында 10 жасар бала қайтыс болды, деп хабарлайды Arbat.media.
Марқұмның мәйіті өз үйінің ауласынан табылды. Баланың денесін әкесі тауып алған. Оның денесінде зорлық-зомбылықтың ізі болмаған. Полицтя баланың өзіне қол жұмсағанын мәлімдеді.
«28 сәуірде Ерейментау ауданында 2015 жылы туған кәмелетке толмаған баланың денесі табылды. Бала асылып, суицид жасаған. Қылмыстық іс тіркелді», - деп хабарлады Ақмола облысы ПД.
Баланың отбасында төрт бала бар. Баланың өзіне қол жұмсау себебі анықталып жатыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: