Ақмола облысында іздеуде жүрген 5 қылмыскер ұсталды
Ақмола облысында іздеуде жүрген 5 қылмыскердің орналасқан жері анықталып, алты «келімсек» ұсталды. Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстардың алдын алу, жолын кесу мақсатында облыс аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.
«Акция шеңберінде полиция қызметкерлері іздеуде жүрген 5 қылмыскердің орналасқан жерін анықтап, «келімсек» ретінде есепте тұрған 6 адамды ұстады», - деді ведомстводан.
Жалпы, акция барысында 2,7 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
Оның 1,1 мыңнан астамы қоғамдық тәртіпті сақтау және 1,5 мыңнан астамы жол қауіпсіздігі бойынша заң бұзушылықтар.