Ақмола облысында оқушы бензинге уланып көз жұмды

Ақмола облысының Зеренді ауданындағы Қызылсай ауылында 13 жастағы бала кенеттен көз жұмды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Оқушының денесін әкесі мен ағасы жазғы сарайдан тауып алған. Алдын ала мәлімет бойынша, бала бензиннің уытты буымен уланған болуы мүмкін. Сот-медициналық сараптамадан кейін нақты диагноз қойылады.

«2 шілдеде Зеренді ауданында болған кәмелетке толмаған баланың қайтыс болу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтауда. Өлімнің нақты себебін анықтау үшін сараптама тағайындалды», - деп хабарлады облыстық ПД.

Ақмола Бала Қаза болды

Тақырыпқа жаңалықтар