Ақмола облысында шахтада заңсыз алтын іздеген 2 адам көз жұмды
Ақмола облысында шахтада заңсыз алтын іздеген 2 адам көз жұмды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Оқиға Бестөбе кенішіндегі «Қазақалтын» ЖШС-ның «Орталық» шахтасында болған.
Екі адам заңсыз кен қазбақ болғанда, оларды топырақ басып қалған.
Марқұмдардың денелері шахтадан шығарылды. Олар Солтүстік Қазақстан тұрғындары.
«Бестөбе шахтасында тау-кен массасы құлап, салдарынан 38 және 21 жастағы екі ер адам көз жұмды», - дейді полициядағылар.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: