Ақмола облысында жалған медициналық құжат жасамақ болған күдікті ұсталды

Өзін медициналық қызметкер ретінде таныстырған күдікті әскерге шақырудан босату үшін жалған медициналық құжат жасап беруге уәде еткен, деп хабарлайды Arbat.Media.

Осылайша азаматтардан 1,2 млн теңгеден астам қаражат алған. Жедел-іздестіру барысында оның жергілікті медициналық пункттердің бірінде жұмыс істейтіні белгілі болды. Күдіктінің бұл әрекетіне қатысты үш адамнан арыз түскен.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ әскери қызметтен заңсыз жалтару әрекеті үшін арызданушылардың да әрекеттеріне құқықтық баға беріледі.

Ақмола облыс медицина Құжат

Тақырыпқа жаңалықтар