Ақорда қорытындысы: Президент биыл 23 елге сапар жасады
Тоқаев биыл 23 елге сапар жасады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлағандай, 2025 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев ұшақта жалпы 252 сағат уақыт өткізіп, шамамен 169 мың километр қашықтыққа ұшқан.
Осы уақыт ішінде ол Ресей мен Өзбекстанға мемлекеттік сапарлардан бастап, Қытай, Түркия, Жапония, АҚШ, Орталық Азия және Таяу Шығыс елдеріне ресми және жұмыс сапарларын қамтитын 23 шетелдік сапар жасаған.
2025 жылы елге 30 мемлекеттен лидерлер мен делегациялар келді.
Жыл бойын Тоқаев шетелдік басшылармен 43 рет телефон арқылы сөйлескен, 30 елшінің сенім грамотасын қабылдаған, жалпы 186 кездесу өткізген.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: