Қазақстан жаңалықтары25 қараша 2024, 9:51

Ақша айырбастау орындарында доллар қымбаттап, рубль арзандады

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 497 – 503 теңге аралығында саудаланып жатыр. Ұлттық банктің 25 қарашаға арналған ресми бағамы — 1 долларға 498,34 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 4,85 теңге. Еуро — 519,72, - деп хабарлайды Arbat.media.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 500,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 502,5 теңге. Еуро 521 — 525,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 497 теңге, сатып алу құны — 503 теңге. Еуро 517 теңгеден сатылып, 527 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,85 - 4,95 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 22 қараша кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,61 теңгеге қымбаттап, 498,59 теңге болған.

доллар бағамы валюта курсы рубль Қазақстан
25 тамыз 2025 Қазақстан жаңалықтары
25 тамыз 2025 Қазақстан жаңалықтары
25 тамыз 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар