Ақша жымқырған жалған стоматология иелері іздестіріліп жатыр

46 млрд теңгені БЖЗҚ-дан заңсыз шығарған жалған стоматология иелері іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Arbat.Media.

Күдіктілер тіс емдеу қызметі көрсетілгендей жалған медициналық құжаттар рәсімдеген.

Олар Маңғыстау және Атырау облыстарындағы 7 стоматологияны пайдаланған.

Бұл мекемелер іс жүзінде ешқандай медициналық қызмет көрсетпеген.

Іздеуде жүргендердің бірі Дүйсенов бұрын полиция қызметкері болған.

2016 жылы ол «Өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу» және «Қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану» баптары бойынша 5 жылға сотталған.

Стомотолг Ақша қаражат жымқырды

Тақырыпқа жаңалықтар