Ақтау — түркі әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ие болды
ФОТО: Depositphotos
Depositphotos

Ақтау — түркі әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ие болды

Ақтау Түрікменстанның Анау қаласынан эстафета қабылдады. Бұл туралы Ашхабадта өткен ТҮРКСОЙ Түркі мәдениеті мен өнерін дамыту жөніндегі халықаралық ұйымға мүше мемлекеттердің 41-ші отырысында мәлім болды. Шарада маңғыстаулық делегация Анау қаласынан «Түркі әлемінің мәдени астанасы» мәртебесін қабылдап алды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Биыл Түрікменстанның Анау қаласы жыл бойы түркітілдес ағайындыларды қабылдап, кинофестивальдар, көрмелер, ғылыми конференциялар, жастар форумдарын қоса алғанда, түрлі халықаралық іс-шаралар өткізген.Енді бұл миссия Ақтау қаласына жүктелді. Маңғыстаудың орталығы Ақтауда да сондай іс-шаралар жоспарланған. Оған қоса, ақындар айтысы, суретшілер мен мүсіншілер симпозиумы, қолөнершілер фестивалі, тарихи-ғылыми конференциялар өткізіледі. Сондай-ақ, Ақтауда түркі әлемінің ұлы ғалымдарының өмірі мен еңбектеріне арналған кездесулер және басқа да маңызды танымдық іс-шаралар өткізу көзделген.

«Ақтау — Түркі әлемінің мәдени астанасы» мерейлі жылы аясындағы шаралар 2025 жылдың наурыз айында басталады.

Ақтау түркі әлемі мәдени астана

Тақырыпқа жаңалықтар