Ақтауда аялдамада ер адамның денесі табылды

Бүгін, 7 желтоқсанда Ақтауда аялдамадан ер адамның денесі табылды. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлайды Arbat.Media.

Басылымның хабарлауынша, оқыс оқиға 9-шағынауданда орын алған. Өтіп бара жатқан қала тұрғыны аялдамадан ешбір қимылсыз жатқан ер адамның денесін көрген. Белгілі болғандай, оның қасында ұялы телефоны болған. Мәйітті тауып алған азамат телефондағы алғашқы нөмірге хабарласқан. Тұтқаны марқұмның немересі көтерген.

Ер адамның туыстары оқиға орнына бірден келіп, жедел жәрдем шақырған. Алайда дәрігерлер көмек көрсетіп үлгермеген, олар тек адам өлімін тіркеді.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Марқұмның жақындарының айтуынша, ол таңертең дәріханаға шығып кеткен. Оған қоса ер адамның ұзақ уақыт бойы жүрегі ауырып, қан қысымы үнемі жоғары болып жүрген. Туыстарының сөзінше, азамат инсульт немесе жүрек талмасынан көз жұмған болуы керек.

Ер адам өткен айда ғана 64 жасқа толған. Ол анасымен бірге 11-шағынауданда тұрып жатқан.

Ақтау Адам аялдама дене

Тақырыпқа жаңалықтар