Ақтауда борышкерлерден 280 млн теңгеден астам қаражат өндірілді
Былтыр алиментті уақытылы өндіру және мемлекет пайдасына қаражатты қайтару аясында 174 миллион теңгеден астам қаржы өндірілген, деп хабарлайды Arbat.Media.
Кірісін жасырып, ата-аналық міндетін орындаудан жалтарған 52 борышкер әкімшілік жауапқа тартылып, 19 адамға қатысты қылмыстық іс қозғалған.
Сонымен қатар прокурорлық қадағалау актілерінің негізінде мемлекет кірісіне әкімшілік айыппұлдар, мемлекеттік баж және салықтық берешектерді қосқанда 108 млн теңгеден астам қаражат түсті.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: