Ақтөбе облысы: Шахтада опырылған кен астында қалған жұмысшы мерт болды
ФОТО: КТК
КТК
Қазақстан жаңалықтары21 қыркүйек 2024, 5:16

Ақтөбе облысы: Шахтада опырылған кен астында қалған жұмысшы мерт болды

Ақтөбе облысында шахтада жұмысшы опырылған кен астында қалған. 32 жастағы марқұмның денесін кеніштен әріптестері аршып алыпты. Қазір еңбек инспекторлары тергеу жүргізуде, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы КТК телеарнасы жазады.

Асхат Жұмалы, Ақтөбе облысы еңбек инспекциясы басқармасының мемлекеттік инспекторы:

— Шахтада кен опырылған. Жазатайым оқиға деп айтуға болады. Тергеп-тексеру 20 қазанда аяқталады.

«Ақтөбе мыс» компаниясының кен орны Хромтау ауданында орналасқан. Қайлы оқиға сол жерде болды. Үгіту аппаратын басқаратын жұмысшы түнгі аусымға шыққан. Кеннің жоғарыдан опырылып түскенін аңғарып үлгермеген сияқты. Сол жерде бірден мерт болған. Тексеруге кіріскендер кен орнындағы еңбек қауіпсіздігінің қаншалықты сақталғаны туралы тек «бір айдан соң ғана айта аламыз» деп отыр. 

Ақтөбе облысы Ақтөбе мыс Жұмысшы өлім

Тақырыпқа жаңалықтар