«Ақтөбе облысында 14 жастағы оқушы босанды»: Білім бөлімінің қызметкерлері жұмыстан кетті

Бүгінгі брифингте Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров оқушы қыздың жағдайы туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Әкімнің айтуынша, оқиғаға қатысты комиссия құрылып, тексеріс жүргізілген.

Нәтижесінде оқушының жағдайына немқұрайлық танытқан аудандық білім бөлімінің бірқатар қызметкерлері жауапқа тартылған.

Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы босанды. Баланың әкесі ретінде әжесінің күйеуі күдікке ілінді.

Ақтөбе облыс Әкім Білім бөлімі

Тақырыпқа жаңалықтар