Ақтөбе облысындағы Ойыл өзенінің су деңгейі төмендеді
Ақтөбе облысында жағдай тұрақты. Ақтөбе қаласының бау-бақша ұжымдарында су айдау және инертті материалдарды төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі жария етті.
«Ойыл ауданында Ойыл өзені су деңгейінің төмендеуі байқалады. Халықты, инертті материалды және азық-түлікті тасымалдау үшін понтон өткелі жұмыс істейді. Қалған эвакуацияланған 1470 адам уақытша орналастыру пункттеріне, 6072 адам туыстарына орналастырылды», - делінген ТЖМ хабарламасында.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: