Әскердегі сарбаздардың несие төлеу мерзімі тоқтатылмаған: Іске бас әскери прокуратура араласты

Банктер мерзімді әскери қызметтегі сарбаздардың несие төлемдерін кейінге қалдыруды уақытында рәсімдемеген. Сарбаздардың жалпы берешегі 300 млн теңгеге жеткен, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қадағалау органы мерзімді әскери қызметшілердің қызмет өткеру кезеңінде несиесін кейінге қалдыру құқығын қамтамасыз етті.

«Мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтар туралы мәлімет алмасуда мемлекеттік органдар мен банк ұйымдары арасында тиісті өзара іс-қимылдың болмауына байланысты сарбаздарға несие төлемдерін кейінге қалдыруды уақытында рәсімдемеу фактілері тіркелген», деп хабарлады бас әскери прокуратура.

Әскери прокурорлар іске араласуымен әскери қызметшілер мерзімін өтеп келгеннен кейін барып несиелерін төлейтін болды.

Әскер Несие банк Прокуратура

Тақырыпқа жаңалықтар