Астанада қатты жел көпқабатты үйдің қасбетін ұшырып әкетті
Оқиға 11 наурыз күні шамамен сағат 17:00-де болды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Қатты желдің екпінінен 2015 жылы пайдалануға берілген “Айка” тұрғын үй кешенінің қасбетінің жылу оқшаулағышы ұшып кеткен.
Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.
Тұрғын үй кешенін басқарушы компания қалпына келтіру жұмыстарының құнын есептеп, өнеркәсіптік альпинистерді тарту мәселесін қарастыруда.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: