Астанада жекеменшік клиника басшысы МӘМС қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді
Қаржылық мониторинг агенттігі екі клиниканың басшысына қатысты тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Arbat.Media.
2022 жылы Қор мен клиникалар арасында жалпы сомасы 2,4 млрд теңгеге медициналық қызмет көрсету туралы шарттар жасалған.
«Клиникалардың басшысы алаяқтық схема ұйымдастырып, медициналық көмекті іс жүзінде алмаған пациенттер туралы ақпараттық жүйеге көрінеу жалған мәліметтер енгізген», - делінген мәлімдемеде.
Нәтижесінде Қордан заңсыз түрде 682 млн теңге алған.
Табыстың бір бөлігі – 364 млн теңге басшы мен оның жұбайының жеке есепшотына аударылған.
Сот санкциясымен Испаниядағы үй, Астанадағы пәтер, сондай-ақ көлікке тыйым салынды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: