Астанадағы балабақшада тәрбиеші 3 жасар баланы соққыға жықты

Оқиға Астана қаласындағы "Алтоша" балабақшасында болған, деп хабарлайды Arbat.Media.

Видеодан тәрбиешінің баланы жұлқылап, басын қабырғаға соққанын, кейінірек сурет салып отырған жерінен қолындағы қағазын жұлып алып, басқа балаға бергенін көруге болады.

Баланың анасы тілі енді шыға бастаған ұлының оқиғадан кейін сөйлемей қойғанын айтады.

Астана қалалық білім басқармасында аталған жағдайға қатысты түсініктеме берді.

“Биылғы жылдың қараша айында жекеменшік балабақшалардың бірінде тәрбиешінің үш жасар балаға күш қолданғаны расталды. Қазір тәрбиеші қызметінен босатылды. Басқарма мамандары балабақша тәрбиешілерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізді”, – делінген басқарма хабарламасында.

Астана Балабақша соққы Бала
Кеше, 15:19 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 16:26 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 13:30 Қазақстан жаңалықтары
16 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары
16 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар