Астаналықтар жаңа жұмыс кестесіне қатысты пікір білдірді

Елордалық әкімдік қызметкерлері 15 қыркүйектен бастап кейбір ұйымдарда іске қосылған жаңа жұмыс кестесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұл туралы КТК телеарнасы мәлімет таратты.

Әкімдік өкілдерінің хабарлауынша, жаңа жұмыс тәртібіне 25 мың елордалық қызметкер ауысқан. Жаңа жұмыс кестесі қаладағы кептелісті, әсіресе таңғы трафикті 15-20 пайызға дейін азайтуы мүмкін, дейді әкімдіктегілер.

"Мен онсыз да жұмысқа ерте келетінмін. Енді заңды түрде бір сағат ерте үйге қайтуға болады. Оның үстіне дала әлі жарық. Жастарға қиындау шығар, өйткені олар қыдырып жүргісі келеді. Сондықтан таңертең ерте тұру, әрине, оларға сәл ауырлау", - деді Астана коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы Ирина Першина.

Алайда министрлік өкілдері бұл жаңа жұмыс кестесіне әлі ауыспаған көрінеді. КТК тілшілерінің хабарлауынша, олар кеңсеге жарты сағатқа кеш келеді.

Астана жұмыс уақыт Өзгеріс

Тақырыпқа жаңалықтар