Атырау облысында оқушыны қатарластары жауыздықпен соққыға жықты
Атырау облысы Индербор кентінде 7-сынып оқушысын қатарластары соққыға жыққан, деп хабарлайды Arbat.media.
Аяусыз тепкінің астында қалған жеткіншектің миы шайқалып, денесінің сау-тамтығы қалмаған. Қазір жасөспірім аудандық аурухананың стационарлық бөлімінде ем қабылдап жатыр.
Қазір оқушылармен ювеналды инспекторлар жұмыс істеп жатыр. Мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына, мектеп директорына сөгіс берілді. Сынып жетекшісі жұмыстан босатылды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: