Атырау облысында заңсыз бекіре аулағандар ұсталды

Атырау облысында заңсыз бекіре аулағандар ұсталды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Атырау облысы Полиция департаментінің мәліметінше, «Бекіре-2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында заңсыз айналымнан 4 тоннадан астам балық өнімі тәркіленді. Оның ішінде 911 келіден астам бекіре тұқымдас балық пен шамамен 1 келі бекіре уылдырығы бар.

Іс-шара басталғалы балықтың заңсыз айналымына қатысты 152 құқық бұзушылық анықталып, 7 қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізілуде. Сондай-ақ 19 балық аулау құралы мен 10 су көлігі тәркіленді.

Атырау Қылмыс Балық ұсталды

Тақырыпқа жаңалықтар