Қазақстан жаңалықтары17 сәуір 2025, 14:15

Атырау облысында жантүршігерлік жол апаттарынан 5 адам ажал құшты

Атырау облысында бір күнде жол апатынан 5 адам көз жұмды, деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Мәліметтерге сүйенсек, полиция қызметкерлері тәулік бойы жол қозғалысын қадағалап, жүргізушілерге қауіпсіздікті сақтауды түсіндіріп келеді. Дегенмен, жүргізушілер жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзуы азаймай отыр.

“Мәселен, 15 сәуірде тіркелген бірнеше жол-көлік оқиғасы салдарынан 5 адам көз жұмды. Таңғы сағат 05:45 шамасында Toyota Camry маркалы көлігі аударылып, 3 адам қаза тапты. Тағы бір жолаушы ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Сол күні сағат 15:30 шамасында Сағыз ауылында жасөспірім мотокөлікпен бағанаға соғылып, ауыр жарақат алды. Ол ауруханада көз жұмды. Ал сағат 16:40 шамасында Доссор-Құлсары тас жолының 93-шақырымында жүк және ВАЗ-2115 көліктері соқтығысып, 1 адам оқиға орнында қайтыс болды", — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Адам, жол апаты, Ақтөбе, апат, қаза

Тақырыпқа жаңалықтар