Атырау облысында жасөспірім қыздың ішінен бір бума шаш шықты

Атырау облысында жасөспірім қыздың ішінен бір бума шаш шықты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ата-анасының айтуынша, соңғы бірнеше айда бала жиі ішінің ауырғанын айтып, тамақты бұрынғыдай жақсы ішпей, тез шаршай бастаған.

Дәрігерлер бұл жағдайдың трихобезоар екенін анықтады.

Шаш асқазан сөлінде ерімейтіндіктен, уақыт өте келе жиналып, біртіндеп үлкен түйінге айналған.

Ота сәтті өтті. Қазіргі таңда қыздың жағдайы жақсы.

 

Атырау Аурухана қыз шаш

Тақырыпқа жаңалықтар