Атырауда белгісіз жыртқыш малды қырып кетіп жатыр
Атырау облысына қарасты ауылда белгісіз жыртқыш қораны қазып кіріп, 17 бас қойды қырып кеткен, - деп хабарлайды Arbat.media.
Оқиға 19 наурызға қараған түні Исатай ауданы, Х.Ерғалиев атындағы ауылда болған.
Күні кеше көрші үйдің қорасында да дәл осындай жағдай болды, бірде-бір жануар аман қалмады. Олар қораға дәл осылай кірген. Жыртқыш па, ит пе, дөп басып айта алмаймыз. Атуға тыйым салынған соң иттердің де саны айтарлықтай өсті, қазір көшеде жүру қауіпті, балаларды мектепке өзіміз ертіп баруға мәжбүрміз. Ал қазір мал зардап шеге бастады, - дейді видео авторы.
Сондай-ақ, осы екі оқиғадан кейін тұрғындардың өздері тыйым салынғанына қарамастан жергілікті иттерді атуға кіріскені белгілі.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: