Қазақстан жаңалықтары14 қаңтар 2026, 12:49

Атыраудағы қайғылы қазаға қатысты тың дерек шықты

Атырау облысында өлі табылған ерлі-зайыптының денесінен пышақ іздері анықталды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, өлі табылған ерлі-зайыптының мәйітінен пышақ жарақаттары анықталған.

Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

«Сараптама нәтижесінде жәбірленушілерге салынған дене жарақаттарының сипаты мен өлімнің нақты себебі анықталады», - деді Полиция департаментінің өкілі Мейірім Ердәулет.

Атырау облыс ерлі-зайыпты Қылмыс
18 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары
19 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары
19 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар