Қазақстан жаңалықтары19 желтоқсан 2023, 16:25

Азаматтық авиация мамандарын даярлауға қосымша гранттар бөлу тапсырылды

Азаматтық авиация мамандары шетелде біліктіліктерін арттыратын болады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты.

«Өнеркәсіп және Қаржы министрліктері әуежайлар аумағында мультимодальды көлікті пайдалану мүмкіндігін беру мәселесін пысықтауы қажет. Сондай-ақ, транзиттік жүктерді рәсімдеуді жеңілдетіп, тиісті технологиялық процестерді оңтайландыру керек. Көлік және Энергетика министрліктері, «Самұрық-Қазына» қоры мен «Қазмұнайгаз» компаниясы қажетті авиаотын көлемімен қамтамасыз ету шараларын қабылдауы тиіс. Сонымен қатар, оны сақтауға арналған тиісті инфрақұрылымды құру керек», - деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысы Ғылым және жоғары білім, Көлік министрліктері азаматтық авиация саласында мамандар даярлау үшін қосымша гранттар бөлуді қамтамасыз етуі керектігін айтты

«Алдағы уақытта қажетті кадрлардың болжамын жасап, шетелде біліктілікті арттыру мәселелерін пысықтауы қажет», - деді премьер-министр.

Азаматтық авиация қосымша гранттар

Тақырыпқа жаңалықтар