«Балалы болуға әрекет жасаған жоқпын»: Дариға Бадықова өз шындығын айтты

Дариға Бадықова журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында бұрынғы некесінде балалы болуға тырыспағанын айтты, деп хабарлайды Arbat.Media Skifnews.kz ақпарат порталы.

Актриса өмірді қиындатпайтынын, балалы болмадым деп сары уайымға салынбайтынын ашып айтты. Сондай-ақ ол өзінен де, күйеуінен де барын жасырмады.

"Екі адамнан болған нәрсе. Мен балам болмады деп еш уақытта уайымдаған адам емеспін. Сары уайым дегеннің не екенін де білмеймін, драмманың адамы емеспін. Өмірде ештеңені қиындатпаймын. Баламды асырамай отыр деп күйеуге де ренжімеңіздер. Бала - ортақ. Балалы болуға әрекет жасаған жоқпын. Мал таппаған еркектің ұрпағын көбейтпе деген", - деп қысқа қайырды Бадықова.

Желі қолданушылары аталмыш жайтқа қатысты түрлі пікір білдірді.

"Ол күйеуін жақсы көрмеген, Құдай оған бала бермеді", "Қартайғанда қиын болады", "Дариғаның барлық айтқанына келісемін", деді желі қолданушылары.

Бадықова Отбасы Ажырасу экс-күйеу

Тақырыпқа жаңалықтар