Қазақстан жаңалықтары19 ақпан 2026, 20:29

Бас мүфти Рамазан айында азық-түлік бағасын арзандатуға үндеді

Ол қасиетті Рамазан айында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына жеңілдік жасап, арзандатуға шақырды, деп хабарлайды Arbat.Media.

«Рамазан айына тура келген құдайы астарды ауызашар уақытында өткізіп, көбірек сауап алуға тырысайық», – деп жазды Наурызбай қажы Тағанұлы.

Ол қоғамдық тамақтану орындарында ауызашар мәзірінің бағасы халыққа қолжетімді болуы керектігін атап өтті.

Бас мүфти дүкендерде күллі жамандықтың бастауы болған арақ-шарап сатылмаса деген тілегін де жеткізді.

Рамазан ораза азық қаражат
Кеше, 10:12 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 11:30 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 16:24 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 12:22 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар