Бас прокуратура ескертеді: Telegram-да алаяқтықтың жаңа схемасы пайда болды

Telegram-да алаяқтықтың жаңа схемасы пайда болды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Алаяқтар алдаудың жаңа түріне кірісті.

«Схема бойынша алаяқтар Telegram-да «тегін электрондық кітап» береміз деп, тізім ұсынады. Қажетті кітап сұралғаннан кейін, бот оқу немесе жүктеу орнына «арнайы қосымша» деген атаумен вирустық файл жібереді.

Файлды ашқан жағдайда алаяқтар смартфонды қашықтан басқарып, құпиясөздерге, банк шоттарына, хат алмасулар мен жеке мәліметтерге қол жеткізеді», - делінген хабарламада.

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті азаматтарды жеке деректерге мұқият болуға шақырады.

Бас прокуратура алаяқ Қылмыс Заң

Тақырыпқа жаңалықтар