Қазақстан жаңалықтары6 қаңтар 2026, 21:33

Бауыржан Момышұлының туыстарына Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені табысталды

Президент атынан Бауыржан Момышұлының туыстарына Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені табысталды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Оны мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин аты аңызға айналған батырдың келіні Зейнеп Ахметова мен немересі Ержан Момышұлына табыстады.

2025 жылдың соңында Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағы берілді. 

«Кеше Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толды. Әйгілі батырға ресми түрде «Халық қаһарманы» атағы берілмеген. Облыс жұртшылығы, зиялы қауым өкілдері, тіпті, жастарымыз да осы мәселені көтеріп жүргенін білеміз. Тарихи әділдікті қалпына келтіруіміз керек», - деді Тоқаев.

Сондай-ақ Тоқаев Таразда жаңадан ашылған әскери мектеп-интернатқа Бауыржан Момышұлының есімін беруді ұсынды.

Момышұлы Батыр қаһарман Марапат

Тақырыпқа жаңалықтар