«Бестеректегі көлік апаты»: Тағы бір қыз көз жұмды
Абай облысының Үржар ауданындағы Бестерек ауылында 19 тамызда болған жол апаты тағы бір баланың өмірін қиды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бір айдан астам уақыт комада жатқан қыз көз жұмды.
Еске салайық, 55 жастағы Toyota Camry жүргізушісі үйдің қақпасы маңында ойнап отырған балаларды қағып кеткен еді. Үш бала оқиға орнында қаза тауып, тағы үшеуі жарақат алған. Екі бала Астанада ем алып, қазір оңалту курсынан өтуде.
Полиция оқиға бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Жүргізуші қамауға алынды, сараптама оның мас болмағанын анықтады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: