Қазақстан жаңалықтары23 желтоқсан 2023, 11:00

Бірдей жер учаскелері кәсіпкерлерге әртүрлі бағамен берілген

Өскемен қаласындағы саябақта бірдей жер учаскелері кәсіпкерлерге әр түрлі бағаиен берілгені анықталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Антикор Өскеменде кәсіпкерлерге саябақтағы жер учаскелерін жалға беру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтады.

«Самал» саябағындағы жерді жалға алған кәсіпкерлер бірдей учаскелер үшін әртүрлі баға төлеген. Екі кәсіпкер жерінің де жалпы ауданы – 32 шаршы метр. Сонда ұқсас қызметтер көрсеткен олардың жалдау бағасында айтарлықтай айырмашылық болды, нақты айтқанда біріншісі жерді 120 мың теңгеге, ал екіншісі 9 мың теңгеге жалдады», - дейді ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Денис Шакенов.

Осыған ұқсас фактілер басқа саябақтарда да тіркелді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің ұсынымдары бойынша 2024 жылғы қаңтардан бастап қала саябақтарында жер учаскелерін жалға беру бойынша конкурс www.e-qazyna.kz веб-платформасында электронды форматта өткізіледі.

Бұл қадам процестің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етеді.

Өскемен Антикор саябақ жер учаскелері

Тақырыпқа жаңалықтар