Қазақстан жаңалықтары27 мамыр 2024, 22:24

Бишімбаев ісі: Астана сотына апелляциялық шағым түсті

Экс-шенеунік Қуандық Бишімбаев пен оның туыс інісіне кесілген сот үкімін қайта қарау бойынша арыз түсті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Астана қалалық қылмыстық істер сотына апелляциялық шағым бүгін түскен, бірақ кімнің атынан берілгені белгісіз.

Еске сала кетейік, Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды.

Бұрынғы министр «қинау» (110-баптың 2-бөлігі) және «аса қатігездікпен адам өлтіру» (99-баптың 2-бөлігі) баптарымен сотталғанын атап өткен жөн.

Ал оның інісі Бақытжан Байжановқа 4 жылға үкім кесілген еді.

Айта кетсек, қоғамда «Қ.Бишімбаев мерзімінен бұрын босап шығуы мүмкін бе?» сұрақ туындаған болатын.

Бишімбаев ісі Астана соты апелляциялық шағым
23 қазан 2025 Қазақстан жаңалықтары
23 қазан 2025 Қазақстан жаңалықтары
23 қазан 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар