Қазақстан жаңалықтары21 қараша 2023, 17:02

Бишімбаевтің ісі: Петицияға 150 мыңға жуық азамат қол қойды

Бас прокурор Берік Асылов экс-шенеунік, әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталған Қуандық Бишімбаевтің ісіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Жуықта азаматша С.Нүкенованың Астана қаласында кісі қолынан көз жұмуы интернет кеңістікті дүр сілкіндірді. Отбасындағы және тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау туралы петицияға 150 мыңға жуық қазақстандық қол қойды. Бұл бағытта жұмыс жалғаса береді», – деді Берік Асылов.

Б.Асылов тұрмыстық зорлық-зомбылықтан мемлекетке келер қауіп қандай екенін айтты.

«Отбасындағы келеңсіздіктер, зорлық-зомбылық фактілері мемлекетіміздің алға дамуына кері әсерін тигізеді. Сондықтан президентіміз айтқандай, мұндай заң бұзу әрекеттерімен тұтас қоғам болып күресу қажет», – деді бас прокурор.

 

Қуандық Бишімбаев Бас прокурор петиция

Тақырыпқа жаңалықтар