Биыл жол апатынан 1700-ден астам адам қаза тапқан
Биыл елімізде 19 мыңнан астам (19302) жол-көлік оқиғасы тіркелген, оның салдарынан 26 703 адам зардап шеккен. Жол-көлік апаты салдарынан 1 754 адам қаза тапса, оның ішінде: 230 кәмелетке толмаған балалар; 486 әйелдер; 1 268 ер адамдар. Жарақат алған адам саны - 24 949. Оның ішінде 6 488 кәмелетке толмаған балалар;10 937 әйелдер; 14 012 ер адамдар.Аймақ бойынша ең көп жол апаты: Алматы қаласы - 3 869, Алматы облысы – 2 118Астана қаласы -1 220, Жамбыл облысы – 1 181,Шымкент қаласы –1 122 облыстарында тіркелген, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет мәлім етті.
Көп жағдайда жол-көлік оқиғасына себеп болған негізгі заң бұзушылықтарға мыналар жатады:
- маневр жасау қағидаларын сақтамау – 3 700,- жылдамдықты асыру – 2 773,- жаяу жүргіншілерге қозғалыстағы басымдылықты ұсынбау – 3 401,- жол қиылыстарынан өту немесе жолдың жүру бөлігін қиып өту қағидаларын бұзу -1 417.
Жол-көлік оқиғасының 95% - дан астамы жүргізушілердің кінәсінен болады, оның 451-і алкогольдік немесе есірткілік масаң күйінде жасалған.
Адам өліміне әкелетін ЖКО-ның 60%-дан көбі қала маңындағы жолдарда орын алады.
Жалпы апаттық деңгейдің жоғарылауына жүргізушілердің жылдамдық режимін асыруы, басып озу қағидаларын сақтамауы, шаршаңқы күйде жолға шығуы себеп болатыны анықталған.
Соңғы жылдары жастар мен жасөспірімдер мопед, скутер, самокат сынды шағын көлік құралдарын тізгіндеуді сәнге айналдырды.
Жол қозғалысына қатысушылардың жеткілікті тәжірибесінің жоқтығынан, сондай-ақ ережелерді білмеуінің салдарынан 1 077 ЖКО-на себеп болып отыр, онда 1190 адам жараланып, 86-сы қаза тапты.
Жол қауіпсіздігі деңгейін арттыру мақсатында Комитет жанынан тұрақты ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды.
Бүгінгі таңда, мысалы,Көлік министрлігіне жүктелген апатты-қауіпті учаскелерді анықтау тетігі іске қосылды. Бұл ретте Комитеттің ЖКО туралы деректері негізге алынады.
Ішкі істер министрлігі жүргізуші емтихандарын тапсыру үшін өзін-өзі дайындауды алып тастады.
Автомектептерді мемлекеттік бақылау, газ-баллон жабдықтарын орнату және техникалық байқау операторларының жауапкершілігін күшейту мәселелері пысықталып жатыр.
Ведомствоаралық жұмыс тобының бастамасымен Көлік министрлігі такси агрегаторларымен меморандум жасады. Барлық шаралар ұзақ мерзімді перспективаға бағытталған.
Комитет адамдар зардап шеккен жол-көлік оқиғаларына қатысты мемлекеттік статистиканы қалыптастырады. Бұл деректер «qamqor.gov.kz» порталында Комитет әзірлеген апат картасында қолжетімді. Еліміздегі жолдардың апаттық жағдайы туралы толық ақпаратты осы порталдан білуге болады.