Қазақстан жаңалықтары31 шілде 2024, 20:08

БҚО: 21 жастағы студентті өлтірген күдікті ұсталды

Орал қаласында жоғалып кеткен 21 жастағы студенттің мүрдесі бір айдан кейін табылды. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері із-түзсіз жоғалып кеткен 2003 жылғы жігітті өлтірді деген күдікпен Бәйтерек ауданының тұрғынын ұстады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

«Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде», деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жоғалып кеткен 21 жасар студенттің үш күннен бері іздестіріліп жатқанын жазған болатынбыз.

Жеткерген Жамбылов 27 маусым күні «Құрылысшы» шағынауданы 30-үй 10-пәтерден шығып кеткеннен оралмаған еді.

 

БҚО Студент өлім Күдікті

Тақырыпқа жаңалықтар