БҚО-да 5 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды
БҚО-да 5 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданында пайдаланылмай жатқан 5 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылды. Оның кадастрлық құны 38 миллион теңгеден асады.
Прокуратураның мәліметінше, жер пайдаланушылар аталған аумақты ұзақ уақыт бойы мақсатқа сай игермеген. Осыған байланысты қабылданған қадағалау шаралары нәтижесінде жер мемлекет меншігіне өтті. Қазір бұл учаскелер заңды экономикалық айналымға енгізілуде.
Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған тапсырмаға сәйкес, қайтарылған жерлер ауылдық жерлердегі адал шаруаларға беріледі.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: