БҚО-да денесінің 95%-ын күйік шалған 8 жастағы бала көз жұмды

Батыс Қазақстан облысында денесінің 95%-ын күйік шалған 8 жастағы бала көз жұмды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қайғылы оқиға Оралда болған.

Желіде тараған ақпарат бойынша жергілікті тұрғындардың бірі үй ауласында жанар-жағармай құйылған канистрді қалдырып кеткен.

Аулада жүрген балалар оған сіріңке жаққан. Сол сәтте өрт шығып, бір баланың киімін шарпыған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, күйік шалған бала жансақтау бөліміне түсті.

Алайда бірнеше күннен кейін көз жұмды.

Өрт Бала күйік шалды

Тақырыпқа жаңалықтар