Бүгін Алматы мен Шымкентте ауа сапасы нашарлайды
21 желтоқсан күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, - деп хабарлайды Arbat.media.
«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, 21 желтоқсан, бейсенбі күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.
Тек Алматы мен Шымкентте ғана ауа сапасы біршама нашарлайды.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: