Қазақстан жаңалықтары16 ақпан 2024, 9:00

Бюджеттің қаржысымен бәс тіккен есепші 8 жылға сотталуы мүмкін

Ақтөбеде бюджеттің 400 млн теңгеден астам қаржысын құмар ойынға салып жіберген есепші 8 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

Ақтөбе қалалық № 2 сотында 2015-2023 жылдары аралығында мектеп есепшотынан үздіксіз ақша алып, оны құмар ойынға салып жіберген есепшіге қатысты істің жарыссөзі өтті. Прокурор Елдар Абиев Қылмыстық кодекстің «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» бабы бойынша айып тағылып отырған сотталушыны 8 жылға бос бостандығынан айыруды сұрады.

— Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі бойынша айыпты деп танып, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраймын. Сонымен бірге 10 жылға материалдық шешім қабылдау қызметін атқару құқығынан айыруды сұраймын. Күзетпен ұстау шарасын сол күйі қалдырып, жазасын өтеу орны қауіпсіздігі орташа түзету мекемесі деп белгілеу ұсынылсын. Жәбірленушінің азаматтық шағымын қанағаттандырып, шығын толық өтелсін, — деді прокурор.

 

Ақтөбе бухгалтер казино сот

Тақырыпқа жаңалықтар