Daricorn тағы дауға қалды: блогер адамдардың өміріне қауіп төндірді

Блогер Daricorn қайтадан көпшіліктің назарын өзіне аударды, деп хабарлайды Arbat.media.

Дариға Нұркееваның әрекетіне Алматы полициясы наразы болды. Блогер әдейі жол ережесін бұзып, бұрылыс сигналын қоспастан жолақтарды күрт ауыстырып, апатты жағдайға себеп болды.

«Мұндай әрекет — тек жауапкершіліксіздік емес, өзгелердің өмірі мен денсаулығына саналы түрде қауіп төндіру. Ең өкініштісі — бұл бәрі интернеттегі лайк пен қаралым үшін жасалуда», - деп мәлімдеді полиция.

Енді блогерге заң аясында қатаң шара қолданылмақ.

Дарикорн Дархан полиция Заң

Тақырыпқа жаңалықтар