Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағына циклондардың жылжуы тоқтамай отыр, деп хабарлайды Arbat.Media.
Алдағы күндері солтүстік-батыс бағытынан жаңа циклон жылжи бастайды, соның әсерінен еліміздің кей өңірінде найзағай ойнап, күн жауын-шашынды болады.
15–16 маусымда Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының жекелеген аудандарында нөсер жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін. Сондай-ақ ауа температурасы төмендейді.
Ал елдің оңтүстік жартысы Иран аумағынан келіп жатқан жылы ауа массаларының ықпалында қалып, жоғары ауа температурасы сақталады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: