Қазақстан жаңалықтары6 маусым 2025, 14:09

“Ер адам ертіп кеткен”: Құлсарыда 8 жастағы оқушы қыздың мәйіті табылды

Құлсары қаласында 8 жастағы жоғалған қыз бала өлі табылды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Жас қыз шамамен түскі уақытта үйден шығып кеткен, бірақ қайтып оралмаған. Туыстары сағат 21:28-де полицияға жүгінген.

Іздеу жұмыстарына төтенше жағдайлар қызметі де қосылып, барлық бейнебақылау камералары тексерілген.

Өкінішке қарай, 6 маусымға қараған түні сағат 02:19-да қыздың денесі Күрсай арнасынан табылды.

Бұл туралы Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі таңда сот-медициналық сараптама тағайындалды, ресми өлім себебі әлі анықталған жоқ.

Полиция жалған ақпарат таратпауға және ресми тергеу нәтижелерін күтуді сұрайды.

Құлсары Атырау қыз өлі
24 қазан 2025 Қазақстан жаңалықтары
24 қазан 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар