Денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босады
Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев қызметінен босатылды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Ол 2024 жылдың шілдесінде үкімет қаулысымен осы қызметіне тағайындалған болатын.
Еңбек жолын 1998 жылы Қарағанды №1 қалалық ауруханасында дәрігер-хирург болып бастаған. 2004-2006 жылдары аталған медициналық мекеме директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. Әр жылдары Қарағанды облысының бас хирургі болып қызмет істеді. Х.Ж. Мақажанов атындағы облыстық травматология және ортопедия орталығын басқарды.2014-2021 жылдары — Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы болды.
2021 жылдан бастап «ҚМУ» КеАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: