Қазақстан жаңалықтары29 маусым 2024, 15:00

Депутаттар демалысқа кетті

Мәжіліс және Сенат депутаттары демалысқа кетті. Бүгін Парламентте осы саяси маусымдағы қос палатаның соңғы бірлескен отырысы өтті. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов осы жылғы жұмысты қорытындылады. Депутаттар бұл кезеңде 179 заң жобасын қарап, 102-сі қабылданды, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Қазіргі кезде Парламент қоржынында 71 заң жобасы бар. Депутаттық корпус енді Бюджет, Салық, Құрылыс, Су кодекстері бойынша жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар біз мүлде жаңа Цифрлық кодексті күтіп отырмыз. Алдымызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет, есірткімен күрес, дін, сот жүйесіндегі реформалар және басқа да мәселелерге қатысты заң жобалары бойынша ауқымды жұмыс күтіп тұр. Парламент, Үкімет және сарапшылар қоғамдастығы үйлесімді әрі жан-жақты жұмыс істеуі қажет», деді Ерлан Қошанов.

Депутаттар жұмыс орнына күзде оралады.

депутаттар Демалыс Мәжіліс және Сенат

Тақырыпқа жаңалықтар