Димаш Құдайберген тағы бір марапатқа ие болды
Димаш Құдайберген «Халықаралық мәдени алмасуға қосқан жылдық үлесі үшін» марапатына ие болды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Қытайдың Макао қаласында өткен «Weibo Cultural Exchange Night 2026» салтанатты кешінде Димаш Құдайберген өнер көрсетті.
Қазақстанның халық әртісі фестивальде «Fire» композициясын орындап, қытайлық тыңдармандардың ықыласына бөленді.
Шара қорытындысында Димаш Құдайбергенге Weibo Macau China тарапынан «Халықаралық мәдени алмасуға қосқан жылдық үлесі үшін» марапаты табысталды.
Бұл марапат әртүрлі елдердің мәдениетін насихаттап, халықтар арасындағы байланысты нығайтқан өнер иелеріне беріледі.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: