«Дубай емес — Қазақстан шоколады!» – Желіде — жаңа тренд
Белгілі жекпе-жек жаттықтырушысы Бекзат Жәлел әлеуметтік желіде жаңа тренд бастады. Бейнероликте жаттығу аяқталған соң, Бекзат ынталандыру ретінде шәкірттеріне отандық өндірістің шоколадын таратады және «Дубай емес, өзіміздің Қазақстан шоколады» деп айтады. Спортшының «Дубай емес, Қазақстан шоколады!» трендін басқа да блогерлер қолдап әкетті, - деп хабарлайды Arbat.media.
Б.Жәлел өз оқушыларымен жұмыс істеудегі ерекше тәсілдерімен бұрыннан танымал, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Ол - шәкірттеріне тек физикалық дағдыларды емес, патриотизм мен отанды сүюді үйрететін нағыз тәлімгер.
Тренерлік жұмысы мен вирусқа айналған бейнероликтер жасаудан бөлек, Бекзат Жәлелдің спорт саласында да мол тәжірибесі бар. Ол кикбоксингтен жүлдегер, Таэквон-до ITF бойынша бірнеше мәрте чемпион және Джит Кун-До чемпионаттарын үш рет жеңіп алған спортшы.
«Дубай емес, Қазақстан шоколады» трендін танымал тележүргізушілер, блогерлер, актерлер және елдің басқа да азаматтары қолдап жатыр.
Қазірдің өзінде #недубайскийА_Казахстанский #RepublicDay🇰🇿 хэштегімен жүздеген бейнероликтер көруге болады.