Қазақстан жаңалықтары28 сәуір 2024, 12:00

DW: Қазақстанда «Салтанат заңы» туралы пікірталас жүріп жатыр

Қазақстанда «Салтанат заңы» туралы пікірталас жүріп жатыр. Белсенділер заңмен бірге әйелдерді қорғау шаралары жеткіліксіз дейді. Қазақстан халқы «өзі кінәлі» немесе «өзі сондай халге жеткізді» деген сылтауларды қабылдамайтын жәрежеге жетті, қоғамда әділдікке деген сұраныс арта түсті, деп жазады немістің  DW арнасы, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау қорының өкілі Қарлығаш Жаманқұлова әйелі Салтанат Нүкенованы аяусыз ұрып-соғып, кейін өлімші халде қалдырған экс-экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың сот процесіне назар аударғанын осылай сипаттайды. Осыған байланысты жанжалдан кейін Қазақстанда бейресми түрде қыздың атымен аталған тұрмыстық зорлық-зомбылықты қылмыстық жауапкершілікке тартатын заң қабылданды.

Фото: Anatolij Weißkopf/DW
Фото: Anatolij Weißkopf/DW

Енді, тіпті денсаулыққа жеңіл зиян келтіріп ұрып-соққаны үшін қылмыскер айыппұл төлеп немесе бас бостандығынан айырылады.

Сондай-ақ зорлық-зомбылық пен қудалаудың басқа да бірқатар көрінісі жазаланады.

Белсенділер заңның қабылдануын «парасат жеңісі» және қазақстандық әйелдер мен балалардың құқығын қорғаудағы үлкен жетістік деп санайды.

Дегенмен билік бекіткен шаралар төңірегінде талқылаулар әлі де жалғасып жатыр. 

Сыншылар көптеген түзетул тек 2024 жылдың 15 маусымынан бастап, ал бірқатары 2025 жылдан бастап күшіне енетінін атап өтті.

Белсенділердің айтуынша, бұл уақыт ішінде жүздеген әйел зардап шегуі мүмкін.

Бір ғана Қазақстан Бас прокуратурасының мәліметі бойынша, 2023 жылы полицияға күн сайын тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы 300-ге жуық хабарлама түседі.

Жыл сайын кемінде 80 әйел зорлық-зомблық құрбаны болады.

Құжатта қиындыққа тап болған әйелдердің барлық мәселесі шешілмейтіні де сынға ұшырайды.

Мысалы, қудалау үшін жаза жоқ.

Бірақ депутаттар бұл жағдайда «тіпті комплимент жасаған үшін де жазалалана ма" деп отыр, деп хабарлады DW арнасы.

Салтанат заңы Қазақстан неміс арнасы пікірталас

Тақырыпқа жаңалықтар